Қызылордада ұзақ мерзімге сотталғандарға психологиялық көмек көрсетілді
Қызылордада ұзақ мерзімге сотталғандарға психологиялық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЗК-169/5 мекемесінің психолог мамандары ұзақ мерзімге сотталғандарға психологиялық көмек беру арнайы іс-шарасын ұйымдастырды.
Онда Майнд машина психорелаксациялық аппаратымен жазасын өтеушілерге профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ойларын жақсы бағытқа өзгертуге көмек көретілді.
– Психолог маман бізге арнайы аппаратты кигізгенде көз алдыма түрлі-түсті бояулар келіп, жағымды әуен ойнап тұрды. Сол әуеннің ырғағымен өткен өмірімдегі ең бақытты шақтарымды көз алдыма елестеттім. Жақсы көңіл-күйге бөленіп, болашаққа мақсат қойдым, – деді сотталған.
Іс-шара барысында психолог мамандар сотталғандармен жан-жақты пікір алмасып, психологиялық кеңестер берді.