Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауруханада шу шығарған ақмолалық уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ауруханада шу шығарған ақмолалық уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуірде Атбасар ауданының полиция бөлімшесіне аурухана медбикесінен 10 сәуірде сағат 03:00-де 23 жастағы қала тұрғыны қабылдау бөлмесінде қалқалы есіктің терезесін сындырды деген телефон хабарламасы келіп түсті. Ер адамды ауруханаға полиция қызметкерлерімен бірге Атбасар қаласындағы үйлердің бірінің тұрғындарынан келіп түскен шақыруға келген медицина қызметкерлері жеткізді.

Белгілі болғандай, ер жігіт әпкесі үйде болмаған соң, оны іздеп, досының үйіне барып, есікті қатты қағып, айқайлай бастаған. Үйден шыққан үй иесі мен ер жігіт арасында сөздік дау шығып, бір-бірін ұрып соққан. Айғай-шуды естіген көршілер полиция мен медициналық көмек шақырған.

Ауруханаға келіп жеткен кезде Атбасар қаласының 23 жастағы тұрғыны өзін ұстай алмай, оттегі баллонының вентилін жұлып алып, оны медицина қызметкерлерінің біріне лақтырады, сонымен қатар есіктердің бірінің әйнегін сындырып, өзін жарақаттаған. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жігіт «орташа дәрежеде» мас күйде болған. Ол Атбасар ауданы ПБ УҰИ қамалды.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру