Қарағандыда алаяқ зейнеткерді млн теңгеге алдап кетті
Қарағандыда алаяқ зейнеткерді млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 69 жастағы қала тұрғыны жүгінді.
Зейнеткер белгісіз адамның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын хабарлады. Қарт әйелге өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалғаны белгілі болды. Соңғысы, біреу зейнеткердің шотынан ақша ұрламақ болғаның және қиындықтардан аулақ болу үшін шотты шұғыл түрде сақтандыру қажет екенін мәлімдеген. Әйел бейтаныс адамға сеніп, өзінің барлық деректерін айтқан. Біраз уақыттан кейін қаскөй алынған ақпаратты пайдаланып, зейнеткердің атынан несие алған және бірден шоттан шешіп алған. Шығын млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.
ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.