Павлодарда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Павлодарда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 сәуір күні сағат 20.40-та Павлодар қаласы Естай көшесі 148 үйдің қасында Hyundai Accent көлігінің жүргузішісі реттелмеген жерде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті
– Жол-көлік оқиғасының салдарынан, 29 жастағы әйел жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, – хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Полиция атап өткендей, машина айыппұл тұрағына апарылды. Медициналық сараптама жүргізуші мас емес екенін көрсетті. Бұл факті бойынша тексеріс өткізілуде.