Павлодар полициясында жасөспірімдер үшін экскурсия өтті
Павлодар полициясында жасөспірімдер үшін экскурсия өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлық оқушылар «Мен және менің полицейім» акциясы аясында полиция қызметінің ерекшеліктері туралы біле алады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары облыс орталығының көшелері мен аулаларын тәулік бойы патрульдейтінін барлығы біледі.
№29 мектеп оқушылары батальонға барып, полиция қызметін өз көздерімен көріп қайтты. Полиция қызметкерлері қонақтарға қызметтік автокөліктерді, соның ішінде «Кибер-шериф» автоматты жүйелерін, арнайы техникалық құралдар мен жаңа киім-кешектерді көрсетті.
Бұл мектеп оқушыларының, әсіресе ұлдардың шынайы қызығушылығын тудырды. Тәртіп сақшылары полицейлер жұмысының ерекшелігі, автокөліктердің мақсаты мен техникалық сипаттамалары туралы егжей-тегжейлі айтып, планшеттердің көмегімен әкімшілік хаттаманы ресімдеу тәртібін көрсетті.
Оқушыларды толық автоматтандыру жүйесінің бұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, барлық деректерді жылдам сақтап, өңдеп, серверге жіберіп, бірнеше іздеу базаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Кибер-шериф» автоматты жүйелерінің техникалық мүмкіндіктері таңқалдырды.
«Кибер-шериф» көлік құралының іздеуде екенін бірден анықтай алады, ал бүйірлік камералар жаяу жүргіншілердің жүздерін бірден таниды, оларды автоматты түрде соттан және тергеу органдарынан жасырынған адамдардың базаларымен салыстырады. Осындай танымдық экскурсиядан кейін көптеген балалар болашақта өз тағдырын полиция қызметімен байланыстырғысы келетінін білдірді.