Маңғыстауда сотталғандар бос уақытын кітапханада өткізеді
Маңғыстауда сотталғандар бос уақытын кітапханада өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінің жазасын өтеушілері бос уақытын кітапханада өткізеді, әсіресе қасиетті Рамазан айында олар осында жиі келеді.
– Көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Көңіл-күйің болмаса да, кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уайымыңды басады, – дейді сотталғандардың бірі.
Кітап – адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі. Кітап оқу адамның сөздік қорын арттырады, нақты және анық ойлауды дамытуға ықпал етеді, бұл ойларды нақты тұжырымдауға және білдіруге мүмкіндік береді.
– Мекеме кітапханасының қорында әр түрлі жанрдағы 4 мыңнан астам кітап бар: детективтер, көркем, ғылыми-танымдық. Мұнда әркім өзіне лайықты әдебиетті таба алады, – дейді арнайы контингеттер арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімінің аға инспекторы Марал Ерғалиева.