Шығыс Қазақстанда ер адам үйдің жертөлесінде қару сақтаған
Атыс қаруын заңсыз сақтаған шығысқазақстандық 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуір айының басында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде Шемонаиха қаласының 64 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның тұрғылықты үйін тінту барысында ас үй бөлмесінің жертөлесінен бір ұңғылы шолақ мылтық табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған қару атыс жүргізуге жарамды «ИЖ-5» 16 калибрлі бір ұңғылы тегіс ұңғылы шолақ мылтық.
Сондай-ақ, тексеру кезінде бұл қаруды арнайы базадан тексеру кезінде қылмыстық қару есебінде жоқтығы және күдіктінің өзі қару иесі ретінде тіркелмегені анықталды.
Қаскүнемге қатысты ешқайда кетпеу туралы түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.