Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер оқушыларға бағдаршам істен шыққанда көшеден өту тәртібін түсіндірді

Петропавлда полицейлер оқушыларға бағдаршам істен шыққанда көшеден өту тәртібін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында сәуірдің 25-нен “Назар аударыңыз – балалар!” акциясы бастау алды. Аталмыш акция шеңберінде өңір полицейлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту мақсатында танымдық, профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Бағдаршам істен шыққанда, жол қозғалысының қатысушылары өздерін қалай ұстаулары қажет? Жол қозғалысын реттеушінің қандай белгілері бар? Жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібі қандай? Бұл сұрақтарға облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері № 9 орта мектепте кездесу ұйымдастырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жолда жүру ережелерін мұқият тыңдаған балалар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алып, білімдерін профилактикалық жадынамалармен толықтырды. Жазғы демалыстың алғашқы қауіпсіздік қағидаларын есіне сақтап алған оқушылардың бірі Ева Мотнева.

– Көліктердің ағымы көп болғандықтан, балаларға жолды кесіп өту өте қауіпті, сондықтан, бәріне де жолда жүру ережелерін білу маңызды. Қандай жағдай болса да, жолдың жанында ойнап, жүгіруге болмайды. 14 жасқа дейін велосипед мініп, жолдың автокөліктер жүйткитін бөлігінде жүруге тыйым салынған, – дейді ол.

Бұдан соң тәртіп сақшылары оқушыларға мектептің маңында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібін көрсетті. Өткелден өтер кезде ең алдымен солға, оңға қарап, жақын келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізген абзал. Жолдың жанында және ешқашан жолда ойнауға болмайды.

– Жыл басынан Петропавлда балалардың қатысуымен орын алған бір жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қала қонақтары мен тұрғындарын жолда, білім ошақтарының қасыңда, көпқабатты үйлердің аулаларында және жаяу жүргіншілер жолағында барынша сақтық танытып, жылдамдықты асырмауға шақырамыз. Айтып өткен жөн, балалардың құқықтық тәрбиесіне бағытталған профилактикалық іс-шара күшейтілген режимде жүргізілетін болады, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


“Назар аударыңыз – балалар!” операциясы мамырдың 20-на дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру