Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғындары екі күнде полицияға 7 қару тапсырды

Түркістан облысының тұрғындары екі күнде полицияға 7 қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 сәуірден бастап облыста халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша арнайы акция басталды. Мемлекет тарапынан осы үшін Түркістан облысына 14 миллионнан астам қаржы бөлініп отыр.

Аталған акцияның екі тәулігінде полицияға облыс көлемінде алты тұрғын келіп, өздеріндегі ата-бабасынан қалған, еш жерде тіркелмеген қаруларын өткізді. Олар бір кіші калибрлі, ойық ұңғылы аңшы мылтығы, алты тегіс ұңғылы қару. Бұл қарулардың барлығы ҚР ІІМ “Криминалдық қару” есебінің “Ерікті тапсырылған” санатына енгізілді.

Мәселен, Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел келіп, атасынан қалған бір ойық ұңғылы аңшы қаруын өткізді. Ал келесі тұрғын Түркістан ҚПБ-ға екі бірдей қаруды өз еркімен тапсырды. Оның бірі ИЖ-18БМ тегіс ұңғылы, 28 калибрлі қару және тегіс ұңғылы 32 калибрлі аңшы қарулары.

Қазіргі уақытта мылтықтарға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қарудың техникалық жай-күйіне байланысты комиссия отырысы барысында азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру