Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны Ресейде ұрланған жол талғамайтын көлікті айдап жүрген

Көкшетау тұрғыны Ресейде ұрланған жол талғамайтын көлікті айдап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұзушылық Көкшетау қаласында 22 сәуір күні анықталды. Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізу барысында көлік басқару кезінде жүргізушінің қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған Lexus LX570 автокөлікті тіркеген.

Тәртіп бұзушылық туралы ақпарат патрульдік полиция жасақшыларына берілді. Жол талғамайтын таңдаулы көлік Уәлиханов-Кенесары көшелерінің қиылысындағы тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер Көкшетау қаласының тұрғыны – 37 жастағы жүргізушіде аталған автокөлікті басқаруға МӨБ сақтандыру полисі болмағанын анықтады.

Ведомстволық ақпараттық-іздестіру жүйелері бойынша одан әрі тексеру барысында жол талғамайтын көліктің 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап Ресей Федерациясы ІІМБ Оңтүстік-Сахалин қаласы аумағында ұрланғаны анықталды. Егжей-тегжейлі тексеру жүргізу және барлық мән-жайларды анықтау үшін көлік құралы сол күні айыппұл тұрағына қойылды.

Жүргізушінің жеке басын тексеру кезінде оның бұрын автокөлікті заңсыз иемденгені және абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖЖЕ бұзғаны үшін сотталғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру