Ішкі істер министрі Ресей Федерациясының Елшісімен кездесті
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен негізгі мәселелері талқыланды.
Жалпы кездесу қатысушылары ішкі істер органдары желісі бойынша екіжақты өзара іс-әрекеттің жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесу өзара түсіністік атмосферасында және конструктивті диалог жағдайында өтті.