Түркістан облысының тұрғыны атасынан қалған аңшы мылтығын полицейге тапсырды
Түркістан облысының тұрғыны атасынан қалған аңшы мылтығын полицейге тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 сәуірден бастап облысымызда халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды. Акция аясында Кентау қаласының тұрғыны С. Қапанова полиция бөліміне атасынан мұра болып қалған ТОЗ 2 ұңғылы, 16 калибрі, тегіс ұңғылы аңшы мылтығын өз еркімен өткізді. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады.
Жалпы, акция аясында өткізілетін қаруларға сараптама жасалып, соның қорытындысы бойынша сыйақы тағайындалады. Сондықтан полицейлер жергілікті тұрғындарға қолдарында еш жерде тіркелмеген қару түрі болса, өткізуді және бұндай жағдайда ешқандай әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.
Айта кетсек, аталған шараның мақсаты – халықтан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу. Яғни, облыс тұрғындарында қаруларды ақшалай сыйақыға өткізуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты мемлекет тарапынан облысқа тиісті қаржы бөлінген. Тәртіп сақшылары тарапынан бұндай шаралар әлі де жалғасын табады.