СҚО-да қоғам өкілдері мен полицейлер экстремизмнің алдын алуды талқылады
СҚО-да қоғам өкілдері мен полицейлер экстремизмнің алдын алуды талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы барысында қоғам өкілдері солтүстікқазақстандық полиция басшылығымен бірлесіп бірқатар басымды мәселерді талқылады. ККО мүшелері полиция жұмысының ұйымдастырылуымен танысты, пікірлерімен бөлісті, ұсыныстар берді және проблемалы сәттерді шешудің жолдарын белгіледі.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, радикалды діни ағымдар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қарсы іс-қимыл, қалалық Полиция басқармасының арнайы мекемелерінде ұсталатын азаматтардың құқықтарын сақтау – отырыс барысында бірден үш мәселе қаралды. Күн тәртібінде жарияланған әрбір сұрақ бойынша бейінді бөліністердің басшылары: СҚО ПД Емханасы бар госпиталінің бастығы Ақәділ Қаныбек, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев, сондай-ақ Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин толық баяндады.
Бірінші мәселе бойынша қоғам өкілдері: СҚО Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның атынан “СҚО ПД Емханасы бар госпиталі” мемлекеттік мекемесіне қажетті медициналық жабдықтарды беру мүмкіндігін қарау мәселесі бойынша Денсаулық сақтау басқармасына, облыс басшылығына жүгінуді ұсынды. Экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша осы саланы үнемі мониторингілеу қажетті атап көрсетілді.
Сонымен қатар, ККО мүшелерінің пікірінше, жедел уәкілдер білім және жергілікті полиция қызметі басқармаларымен бірлесіп, жастарды ақпараттандыру және оларды қоғамдық өмірдегі басты моральдық құндылықтарға бағыттау бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізу қажет.
Соңғы сұрақ бойынша СҚО Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов, белгілі заңгер Павел Афанасьев пен құқық қорғаушы Алина Орлова аса белсенді алдын алу жұмысын жүргізуді ұсынды. Көбінесе, арнайы мекемелер жұмысының ашықтығын және азаматтардың бақылауындағы ұсталғандарды күту жағдайына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, қоғамдық қадағалау комиссиясы мен ККО мүшелерін жиі шақыруды практикаға енгізуге ұсыныс білдірді.
СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қоғамның пікірі, әсіресе полиция жұмысының сервистік моделі бағытын енгізу, өңірдегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтық тәртіпті нығайтуда аса маңызды екендігін атап, отырысқа қатысушыларға конструктивті диалог үшін алғысын білдірді.