Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ірі несие алмақ болған 20 жастағы семейлік қыз алаяққа алданып қалды

Ірі несие алмақ болған 20 жастағы семейлік қыз алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының басында Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов ПБ “102” жедел арнасына қаланың 20 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Хабарласқан қыз 10 млн теңге көлемінде несие алмақ болып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс әйел оған 10 млн теңге сомасындағы несиені ресімдеуге көмектесемін деп оның 550 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен 37 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Күдікті әйелден жауап алу барысында ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастағанын айтып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру