ШҚО-да 900-ден астам жүргізуші балаларды тасымалдау ережесін бұзған
ШҚО-да 900-ден астам жүргізуші балаларды тасымалдау ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Назар аударыңыз – балалар!» ЖАІШ аясында облыстың қалалары мен аудандарында полиция қызметкерлері «Сенің жолаушың – бала!», «Құрметті жүргізуші!», «Болашаққа қауіпсіз жолдар!» атты профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Мысалы, Курчатов қаласында мектеп оқушыларына «Бала – басты жолаушы» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – заңға бағынатын жол қозғалысына қатысушыларды тәрбиелеу бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыру. Сабақ соңында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін білу бойынша тапсырмалар, ата-аналарға балалардың жол қозғалысы жағдайын бағалауға дайындық деңгейін анықтауға арналған сауалнама ұсынылды.
Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізуге қатысты.
Семей қаласында мектептегі жас жол инспекторлар жасақтарының мүшелері жадынамалар, балалардың жол тақырыбындағы мазмұндамаларын тарату жолымен «Жүргізуші, сен де ата-анасың» акциясын өткізді, ал Өскемендік мектеп оқушылары «Абайлаңыз, жаяу жүргінші, қызыл өмір бермейді» акциясын өткізуде белсенділік танытты. Акцияның мақсаты – жаяу жүргіншілердің тыйым салынған бағдаршам белгісіне жолдың жүру бөлігін кесіп өту тәртібін бұзуының алдын алу, сондай-ақ жолдарда әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.
ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов айтқандай, «Назар аударыңыз – балалар» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері облыс аумағында 11 мыңнан аса ҚР ЖҚЕ бұзу фактісі тіркелген. 900-ден астам жүргізуші балаларды тасымалдау ережесін бұзған, оның ішінде 186-сы алдыңғы орындарда балаларды ұстау құралдарын қолданбаған.