Думан Таев тұрғындарды жеке қабылдады
Ақмола облысы Полиция департаментінің басшысы тұрғындарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 мамырда Ақмола облысы ПД-ның басшысы Думан Таев 9 азаматты жеке қабылдады. Облыс тұрғындары оларды толғандыратын мәселелер бойынша жеке кездесу барысында да, ZOOM платформасы арқылы да онлайн режимде жүгіне алды.
Үш мәселе қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды. Жүгінген азаматтардың бірі, облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны жағдайды пайдалана отырып, Көкшетау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
– Өз жұмысын жақсы көретін және адал қызмет ететін жандар, өз елінің патриоттары Көкшетау қаласы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі А. Оразбаевқа және Көкшетау қаласы ПБ бастығының орынбасары Ч. Манатовқа алғысымды білдіргім келеді, – деді қабылдауға келген азамат.
Ер адамның айтуынша, аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмыстық істі тергеу аясында ақмолалық полицейлер үлкен жұмыс жүргізген, тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етіп, қылмыстық істі қисынды аяқтауға жеткізген.
Д. Таевқа Зеренді ауданының 72 жастағы тұрғыны үйдің аумағын абаттандыру ережелерін бұзу туралы қаулымен келіспейтінін айтып жүгінді. Зейнеткерді мұқият тыңдаған облыстың бас полицейі бұл мәселені шешуге уәде берді. Қарт тұрғын құқық қорғаушы болған кезде полиция қызметкерлеріне түрлі қылмыстарды ашуға бірнеше мәрте көмектескенін айтты.
– Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындармен біз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіспіз, – деп атап өтті ПД бастығының міндетін уақытша атқарушы Д. Таев.
Ол барлық мәселелерді өз бақылауына алып, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.