Ақтөбе облысында жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың 325 дерегі анықталды
Ақтөбе облысында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аясында жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың 325 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 сәуір мен 20 мамыр аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтті.
Шара барысында полицейлер мектеп басшыларымен және ата-аналармен жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізді. Акцияны өткізудің барлық кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында 6800-ден астам бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың – 325, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзудың 236 дерегі анықталды. Балаларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін 198 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Балалар – бұл жол қозғалысының ең осал қатысушылары. Әсіресе аулаларда және балалар мекемелерінің жанында абай болыңыз. Егер автокөлікте балалар болса, ересектер олардың өмірі үшін жауапты. Жолаушы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау ережесін сақтаңыз, ересек балаларға қауіпсіздік белбеуін тағыңыз. Тек қана балалар автокреслолары мен қауіпсіздік белдіктерін дұрыс қолдану ЖКО-ның алдын алуға септігін тигізеді, – деп ескертеді Ақтөбе облысының Полиция департаменті.