Алматы облысында әйел колонияға телефонды бәліштің ішіне тығып өткізбек болған
Әйел адам телефонды бәліштің ішіне тығып, Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14 мекемесіне өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды. Әйел телефонды бәліштің ішіне жасырып, оны колонияға өткізуге тырысты. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді.
– Қазіргі уақытта Қапшағай қалалық сотының қаулысымен әйелге қатысты ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылданды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.