Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полициясына төбелес туралы 35 хабарлама келіп түсті

Өткен демалыс күндері Павлодар полициясына төбелес туралы 35 хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонын хабарлағандай, өткен демалыс күндері 102 телефонына төбелес туралы 35 хабарлама келіп түсті. Полиция атап өткендей, мұндай төбелестердің көбі түнгі уақытта және мас күйінде болады.

– Мысалы, 21 мамырда түн ортасында полицияға Естай көшесіндегі түнгі мекеменің жанында келушілер ішімдік ішіп, жаппай төбелесті бастағаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген бойда тәртіп сақшылары мұнда қыздардың да қатысқанын анықтады. Жанжалдың барлық қатысушылары Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, олардың алкогольдік масаңдығы расталды. Барлық тәртіп бұзушылар ұсақ бұзақылық үшін, сондай-ақ қоғамдық орындарға мас күйінде келгендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.

Осыған ұқсас оқиға сол түні Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі басқа түнгі бардың жанында болған. Екі демалушы бір қорап темекі үшін жанжал шығарған. Дер кезінде жеткен полиция қызметкерлері ауыр салдарға әкелетін жағдайға жол бермеген. Барлық тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 434-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру