Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінде синтетикалық есірткі сақтаған атыраулық ұсталды

Үйінде синтетикалық есірткі сақтаған атыраулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 мамыр күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ​тыйым салынған синтетикалық есірткіні сақтаумен ​айналысып жүрген күдіктіні ұстады.

– Белгілі болғандай, 21 жастағы азамат өзінің пәтерінде есірткі дозаларын сақтап келген. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткінің жалпы салмағы 20 грамды құрайтын синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Атырау облысы Полиция департаменті есірткіге қарсы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу мақсатында Атырау қаласының тұрғындарына есірткіге тәуелді немесе сақтау, сату мен айналысатын тұлғаларды байқаған, естіген жағдайда 102 операторына хабарласуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру