Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бұрынғы әйелінің үйіне ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Шымкентте бұрынғы әйелінің үйіне ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Азаматша өзінің бұрынғы күйеуі пәтерге жасырын кіріп, құны 50 мың теңге тұратын алтын жүзігін және құны 30 мың теңге тұратын төрт газ баллонын ұрлап кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары куәлерден жауап алып, оқиға болған орынға жақын маңдағы бейнебақылау камераларын қарап, ер адамның айрықша белгілері бойынша жүрген жерін анықтады. 45 жастағы азаматты қала аумағынан ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бапқа сәйкес, қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру