Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті

Шымкент полицейлері көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орайластырылған «30 игі іс» акциясы аясында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алты бала тәрбиеленіп жатқан көмекке мұқтаж отбасының шаңырағына барды.

Балалардың анасы денсаулығына байланысты емді қажет ететін жан. Отбасының үлкен балалары аналарына барынша көмектесуге тырысады. Қиын өмірлік жағдайға тап болған жанұяның кешіп жатқан тұрмыстық күйі туралы білген полицейлер оларға мұндай қиын кезеңде көмек көрсетуге шешім қабылдады.

Тәртіп сақшылары анасына емделу үшін қаржылай көмектесті және отбасын азық-түлікпен, балаларды тәттілермен қуантты.

– Тыныштығымыздың кепілі – полиция қызметкерлері. Ауыр жұмыс жүктемесінің арасында уақыт бөліп, біздей жандарды елеп-ескеріп, көмек бергендеріне рақмет. Жасаған жақсылықтары Алладан еселеп қайтсын. Бала-шағам да мәз-мейрам. Осылай арнайы келіп, бізді қуантқандарыңыз үшін ризамын. Күнделікті жаңалықтардан естіп жатамыз, сақшылардың ерліктері мен көмектерін, бірақ дәл осылай бізге де келіп жақсылық жасайды деп күтпедім, –  деп анасы Айгүл Құралбаева шынайы ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру