Көкшетауда зергерлік дүкен сатушысы алтын бұйымдарды жымқырды деген күдікке ілінді
Көкшетауда зергерлік дүкен сатушысы алтын бұйымдарды жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 маусымда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығындағы ЖШС бірінің директорынан өтініш келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, зергерлік дүкеннің сатушысы – Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны алтын бұйымдарды ысырап еткен. Шығын сомасы 4 млн 243 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала тергеу барысында зергерлік бутиктің сатушысы алтын бұйымдарды облыс орталығының ломбардтарына сатқаны анықталды.