Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоциклист ұсталды

Ақмола облысында жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоциклист ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 маусымда Астрахан АПБ учаскелік инспекторлары А. Тынбаев пен А. Жасұланов қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскесі аумағында Hammer мотоциклін тоқтатты. Жүргізушімен сөйлесу барысында алкогольдің өткір иісі болды. Полицейлер ер адамды көлік құралын басқарудан шеттетіп, оған медициналық куәландырудан өтуді ұсынды.

Куәландыру нәтижелеріне сәйкес, 55 жастағы жүргізуші «орташа дәрежеде» мас күйінде болғаны, оған қоса тексеру барысында 2020 жылдың 5 желтоқсанында ер адамның жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру