30 жастағы ақтөбелік алаяққа жарты млн теңгесін беріп қойды
30 жастағы ақтөбелік алаяққа жарты млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды. 11 мамырда жәбірленушінің танысы Владивосток қаласынан бағасы тиімді автомобиль қозғалтқышын жеткізіп беретінін айтқан. Мәміленің барлық егжей-тегжейін талқылағаннан кейін ер адам алдын ала төлем сұрады.
Ер адам бірден оған 500 мың теңге көлемінде ақша аударған. Бірақ ақшаға қол жеткізгеннен кейін күдікті байланысқа шықпаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.