Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да балалардың сурет көрмесі өтті
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да балалардың сурет көрмесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күні Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/4 мекемесі қызметкерлерінің балалары ата-аналарын мерекемен құттықтады.
Балалар ерекше құттықтау дайындады: ата-аналарының суретін салды.
Мекемедегі кадрлық саясат тобының қызметкерлері байқау өткізуді жоспарлағанымен, суреттерді көргенде балалардың әрқайсысының жан дүниесі де, таланты да ерекше, бәрі де жеңімпаз деген пікірде бір-біріне сөзсіз қолдау білдірді.
Көрме мекеменің холлында қойылды. Колония қызметкерлері кішкентай суретшілерге тәтті сыйлықтар сыйлауды шешті.