Ақмола полицейлері қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды
Ақмола полицейлері қызмет барысында қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусым күні Ақмола облысы Полиция департаментінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша облыстық департаменттің, өңірдің құқық қорғау құрылымдарының басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қаза тапқан тәртіп сақшыларының әріптестері мен туыстары азаматтардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғап, қаза тапқандарды еске алу үшін мемориалға жиналды. Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Алмагүл Қазкенова, 2017 жылы қаза тапқан Бұланды АІІБ учаскелік инспекторы Қазкенов Құдайберген Амангелдіұлының жары Ақмола полицейлерін құттықтады.
– Қазақстан полициясы күні – біз үшін ерекше күн. Бүгін біз қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан күйеу, бауырлар, қайтыс болған ұлдарымызды еске аламыз. Полиция департаментінің басшылығына, жеке құрамға қаза тапқан әріптестерін жоғары құрметтегені үшін рақмет. Барлық полиция қызметкерлеріне шын жүректен осы күні ғана емес, әрдайым түсіністік, қолдау, көңілдері үшін рақмет. Мұның бәрі біздің жүрегіміздегі жараны, қымбатты адамдарды жоғалтып алуымызды жеңуге көмектеседі. Полициядағы қызмет – бұл ең алдымен жауапкершілік. Бұл қауіп-қатерге толы, қызметкерлерден батылдық пен жақсы физикалық дайындықты талап ететін қызмет. Барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын және сіздерге ашық аспан, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әрқашан үйлеріңізге аман оралуларыңызды тілеймін, – деді ол.