Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы велосипед ұрысын ұстады

Алматы полициясы велосипед ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бір апта ішінде қаскөй төрт велосипедті ұрлап кеткен. Ол негізінен түнгі уақытта ұрлық жасаған.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 22 жастағы Х. есімді азамат ұсталды. Күдікті өз әрекетін мойындады. Бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктіріліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тергелуде, –  деді Бостандық аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Полицейлердің велосипед ұрысының тек Бостандық ауданында ғана емес, басқа да жерлерде «жұмыс істеді» деуіне негіз бар. Полицейлердің айтуынша, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы міндетті түрде тексерілетін болады. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сонымен қатар, полиция, күдіктіні таныған азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырды: 8-747-107-35-81; 8-775-470-57-77; 298-52-82.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру