Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация қызметінде зиянды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде

СҚО-да пробация қызметінде зиянды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамлют ауданының пробация қызметі бөлімінде сот үкімімен мәжбүрлі төлем тағайындалған сотталғандардың “Жәбірленушілерге өтемақы қорына” келтірілген зиянды өтеу бойынша жұмыс күшейтілді.

Пробация қызметінде тіркелгендердің жалпы санынан 6 адамның берешегі бар, олардың екеуі мәжбүрлі төлемді толығымен төлеген. Қалған 2 борышкерге қатысты зиянды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен, Мамлют ауданының пробация қызметі аға прокурор Жолдыбаев Д.А.. қатысуымен, Мамлют ауданының жеке сот орындаушысы И.И.Холодованың шақыруымен осы субшоттарды жинауға бастамашы болды.

Сот орындаушысы әрбір атқарушылық іс жүргізу бойынша қарыз сомасын, төленген соманы және төлеуге болатын қалдықты жариялады. Аға прокурор ҚР ӘК 669-бабы, ҚР ҚК 430-бабы сот үкімімен, сот шешімін немесе басқа сот актісін немесе атқарушылық құжатты орындамау бойынша жауапкершілікті түсіндірді.

Кездесу барысында әр сотталған өз сұрақтарына жан-жақты жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру