Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Заңсыз келуші – 2022» іс-шарасы: Түркістан облысында 180-нен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, «Заңсыз келуші – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған шара 27 маусым мен 4 шілде күндері аралығында өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық шараның бір тәулігінде облыс көлемінде 187 құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 141 шетел азаматына әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 38 тұрғынға ескерту жасалды. ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Республиканың заңнамасын бұза отырып тарту) жайтымен сегіз Қазақстан Республикасының азаматына айыппұл салынды. Сондай-ақ, 30 шетелдікті ел аумағынан аластату жұмыстары жүргізілуде.

Атап өтсек, шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру