Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты ұстады

Қарағанды полицейлері жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне қала маңындағы кенттердің бірінің 24 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Жас жігіт белгісіз адамның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын айтты. Өтініш беруші жүргізуші куәлігін жедел алуға тырысқан.

Әлеуметтік желілерде ол қызығушылық тудыратын мәселе бойынша хабарландыру тауып, авторымен байланысқа шыққан. Күдікті делдалдық қызметтерін 60 мың теңгеге бағалағаны белгілі болды. Жас жігіт бұл соманы аударған, бірақ қалаған құжатты алмаған. Аталған факті бойынша 190-бабымен «Алаяқтық» қылмыстық іс қозғалды.

24 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер қаскүнемнің тағы да осындай жеті қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Тағы бір алаяқ сырттай полиция қызметкері кейпінде жүрген. 27 мамырда ол Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынының ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін Ішкі істер бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған. Бұл жағдайда қаскүнем ер адамның қылмыс жасады деп күдіктенгенін айтқан. Барлық түсінбеушіліктерді жою үшін ол өзі туралы барлық мәліметтерді ұсынуы керектігін жеткізген. Жәбірленуші бейтаныс адамға сеніп, оған барлық ақпаратты берген.

Біраз уақыттан кейін алаяқ алған мәліметтерді пайдаланып, жәбірленушінің атынан екі банктен жалпы сомасы 1 млн 750 мың теңгеге несие ресімдегені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру