Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда бірнеше көлік ұрлаған адам ұсталды

Жезқазғанда бірнеше көлік ұрлаған адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 маусымда Ұлытау облысының Жезқазған қаласының ПБ-на Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол сағат 12.30 шамасында Сейфуллин көшесіндегі сауда нүктелерінің бірінің жанында автокөлікті тұраққа қойғанын түсіндірді. Ер адам сауда жасап қайтып келгенде, көліктің жоғалып кеткенін анықтаған. Шығын 5,5 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 58 жастағы ер адамды «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұрланған көлік жәбірленуші тарапқа қайтарылды.

ҚР ҚК 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің екі күн бұрын жасаған басқа да осындай қылмысқа қатысы барын анықтады. Бұл жағдайда қаскүнемді көпқабатты үйдің ауласында орналасқан Citroen автокөлігі қызықтырған. Ол көлік салонына кіріп, от алдырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

38 жастағы жәбірленуші полицияға жүгінді. Біреудің көлігінде жүрген қаскүнем, оны көшелердің бірінде қалдырған. Аталған көлік табылды және заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру