Қызылорда облысында «Шектеу» профилактикалық іс-шарасы өтті
Қызылорда облысында 24-27 маусым аралығында «Шектеу» профилактикалық іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметі есебінде 600-ден астам сотталған есепте тұр. Пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері 24-27 маусым аралығында пробация қызметінің есебіндегі барлық сотталғанды мекенжайы бойынша тексерді.
Тексеру барысында сот жүктеген міндеттерді орындамай, заң талаптарын бұзған үш сотталғанға ескерту тәртіптік шарасы қолданылды. Үш сотталғанды бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін іс-құжаттар Қызылорда қалалық №2 сотына жолданды.