Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы: ШҚО-да 266 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының екі күнінде  266 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Түнгі қаладағы балалар» рейдін полицейлер мен жұртшылық өкілдері 27 маусымнан бастап өткізуде. Кешкі уақытта екі күн ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кешкі немесе түнгі уақытта қоғамдық орындарда болу жағдайларын анықтау мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері, педагогикалық ұжымдар мен жедел – жастар жасақтары қатарынан арнайы топтар облыс бойынша көшелер мен ойын-сауық орындарын патрульдеді.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында «сұраныс» деп аталатын ойын-сауық орындарын тексереді. Компьютерлік клубтар, саяжайлар мен саяжай алқаптары, егістіктер, үйлердің жертөлелері, ойын-сауық орындары мен алкоголь және темекі өнімдерін сата алатын азық-түлік дүкендері құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Мысалы, қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан алты азық-түлік дүкенінің иелеріне әкімшілік айыппұл салынады.

– Екі күн ішінде 286 әкімшілік бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 266 заңды өкіл тартылды, оның ішінде 24-і ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін және 242 заңды өкілі кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін. Сонымен қатар, қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан алты азық-түлік дүкенінің иелеріне әкімшілік айыппұл салынады, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру