Атырауда мас күйінде көлік басқарған шетелдік анықталды
Атырауда мас күйінде көлік басқарған шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 маусым күні Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Балықшы мөлтек ауданында күдік тудырған Chevrolet Nexia автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушіден ішімдіктің иісін байқаған.
Медициналық сараптама корытындысымен, 26 жастағы Өзбекстан Республикасынын азаматының «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде екендігі анықталған.
Автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.