Көлігін жөндетпек болған өскемендік алаяққа аданып қалды
Көлігін жөндетпек болған өскемендік алаяққа аданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусым айының соңында Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ-нің «102» жедел арнасына алаяқтың құрбаны болған Глубокое ауданының 62 жастағы тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, сәуір айында облыс орталығындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде бейтаныс ер адам оның ВАЗ автокөлігін жөндеймін деген сылтаумен 700 мың теңгеден астам қаражаттын иемденіп алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 49 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.