Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 20-дан астам адамды алдап кеткен алаяқ Таразда ұсталды

Алматыда 20-дан астам адамды алдап кеткен алаяқ Таразда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық Полиция басқармасына 20-дан астам жәбірленуші алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ю.есімді азамат инвестициялық компанияға салым салуды сылтау етіп, қомақты қаржы жинаған. Ақшаны алғаннан кейін ол белгісіз бағытта жысырынған. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «клиенттерден» қашып, Тараз қаласына барған 30 жастағы Ресей Федерациясының тумасы ұсталды. Қазір қызметкерлермен алаяқтықтың 30 дерегі дәлелденді. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4- тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Жедел қызметкерлер алданған адамдардың бұдан да көп екеніне сенімді. Ұсталған азаматтың суретін мұқият қарап шығуларыңызды және осы адамның әрекетінен зардап шеккендердің барлығы мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-705-555-7763; 8-775-747-7778.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру