СҚО полицейлері еріктілердің көмегімен есте сақтау қабілетінен айырылған әйелді іздеп тапты
СҚО полицейлері еріктілердің көмегімен есте сақтау қабілетінен айырылған әйелді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еріктілер полицейлердің сенімді көмекшілері. Еріктілермен өзара іс-қимыл жасау жүйесі бір жолға қойылған, олар тәртіп сақшыларына із-түссіз жоғалған адамдарды іздеп табуға көмектесіп келеді.
Мәселен, кезекші тәулікте Мамлют ауданы тұрғынының жүрген жері анықталды, оның жоғалғаны туралы анасы хабарлаған. Әйел адамның есінен айырылу қаупі істі қиындатты. Бұндай жағдайлар қиындық тудырады, себебі өзінің кім екенін және қайда тұратынын білмейтін адамның жүріс-тұрысын болжау тіптен мүмкін емес. Дей тұрғанымен, іздестіру іс-шаралары сәтті аяқталды. Әйелдің Петропавлға кеткені белгілі болатын. Еріктілер әлеуметтік желілерде бағдарды таратты. Қала тұрғындарының бірі әйелдің бет-әлпетін есінде сақтап қалған, кейін көшеде кездестіргенде таныған. Ол бұл туралы полицейлерге айтқан және жоғалған сол күні табылды.
– Еріктілердің өзара іс-қимыл жасауы және белгілі пабликтерді жүргізетін әкімшінің көмегі – құқықтық тәртіпті сақтау полиция мен халықтың ортақ ісі екенін көрсетеді. Көп жағдайда полицияға уақтылы жүгінген кезде жоғалғанның жүрген жерін кезекші тәулікте анықтау мүмкін болады. Егер олай болмаса, іздестіру ісі ашылады, іздестіруге сыртқы қызметтер, еріктілер тартылады. Жалпы жыл басынан облыста 15 із-түссіз жоғалған адам іздеуге жарияланған, оның 11-і бүгінгі күні іздестірілді, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.