Германия азаматшасы павлодарлық полицейлерге алғыс айтты
Германия азаматшасы павлодарлық полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Германиядан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атына Павлодар облысының полиция қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.
– Мен сізге Германиядан Мюнхен қаласынан жазып отырмын. Менің аты-жөнім Наталья Дьякович, Павлодар қаласының тумасымын. Павлодар қаласы көші-қон полициясының қызметкері Альмира Хайруллинаға зор алғысымды білдіргім келеді. Оның жауапкершілігінің, адалдығының, кәсіби жүргізілген жұмысының арқасында мен ең қысқа мерзімде өзімнің төлқұжатымды ала алдым, – деп жазады шет мемлекеттің тұрғыны.
Шетел азаматшасы полиция ведомствосының басшысына құзыретті және жұмысына адал полиция қызметкерлері, өз ісінің мамандары үшін шынайы алғысын білдіреді.
– Альмира Хайруллина сияқты қызметкерлер үшін үлкен рақмет, адам өз жұмысын шынымен жақсы біледі, – дейді Наталья Владимировна.
Айта кетейік, Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Альмира Хайруллина ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келеді. Көші-қон қызметінің қызметкері бірінші кезекте қарым-қатынаста ашық болуы тиіс деп санайды, өйткені барлық жұмыс азаматтармен тығыз байланысты.