Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік ит Көкшетау полицейлеріне велосипед ұрлығын ашуға көмектесті

Қызметтік ит Көкшетау полицейлеріне спорттық велосипед ұрлығын ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілде күні сағат 22.40 шамасында Көкшетау Полиция басқармасына екі дөңгелекті көліктің ұрланғаны туралы кезекті өтінішпен облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Қала тұрғынының айтуынша, құны 45 мың теңге болатын спорттық велосипед үйдің подьездінен ұрланған.

Көрсетілген мекенжайға жедел-тергеу тобы келді, оның құрамына кинолог-маман Омар Аткенов және Ашот атты қызметтік ит кірді. Төрт аяқты серіктес бірден із бойынша қаскүнем жасырынған бағытқа полиция қызметкерлерін алып келді. Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген кешен барысында кезекшілік тәулікте Зеренді ауданы ауылдарының бірінің 61 жастағы тұрғыны анықталды.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында ауылдық тұрғыннан ұрланған велосипед тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Айта кету керек, биыл қызметтік иттер ақмолалық полицейлерге 181 қылмысты ашуға көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру