Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғыны алаяққа алданып қала жаздады

Степногорск тұрғыны алаяққа алданып қала жаздады, – деп хабарлайды Polisia.kz.15 шілдеде сағат 14:20 шамасында Степногорск қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде патрульдік полиция взводының қызметкерлеріне 45 жастағы азамат жүгініп, оның телефонына депозиттен ақша алу және көрсетілген шотқа аудару талабымен бірнеше рет қоңыраулар түсетінін айтып түсіндірді.

Одан әрі әңгімелесу барысында полицейлер қала тұрғынымен егжей-тегжейлі сұхбаттасып, екі сағат ішінде бірнеше абоненттік нөмірден оған екі әйел мен үш ер адам қоңырау шалып, өздерін Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкерлері етіп таныстырып, белгісіз тұлғалар шоттағы ақша қаражатын иемденуге тырысып жатқанын хабарлағанын анықтады. Ал ұрлықтың алдын алу үшін депозиттен ақшаны шешіп алып, оны төлем терминалы арқылы көрсетілген шотқа аудару қажет болған.

Сонымен қатар, қала тұрғынының іс-әрекетіне көз жеткізу үшін желілік алаяқтар барлық әрекеттерді, тіпті ақша аударымын көру үшін камерасы қосылған ұялы телефонды қоюды сұраған.

Полиция қызметкерлері ер адамнан телефонды дереу өшіруді сұрап, бұл алаяқтар екенін түсіндірді. Шынымен алаяқтық екенін түсінген ер азамат полиция қызметкерлерімен бірге банкке барып, ақшасын арнайы депозиттік шотына салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру