Павлодар облысында жалған жүргізуші куәлігімен жүрген шетелдік ұсталды
Павлодар облысында жалған жүргізуші куәлігімен жүрген шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні Павлодар облысында құжаттарды қолдан жасаудың 55 фактісі тіркелген.
Павлодар облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану – бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қамаққа алу түрінде немесе қырық күнге дейін қамаққа алу жаза көзделгенін еске салады.
– Мысалы, Шарбақты ауданында 30 жастағы шетел азаматы Ресей Федерациясындағы танысынан жалған жүргізуші куәлігін алған, себебі ол ресми түрде емтихан тапсыра алмады, сол жалған құжатпен Қазақстан Республикасына шыққан. Құжаттарды тексеру кезінде бұл фактіні полиция қызметкерлері анықтады. Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Іс сотта қаралып, үкім бойынша сотталушыға 20 (жиырма) АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.