Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері 70-ке жуық пәтер ұрлығын ашты

Павлодар облысының полицейлері 70-ке жуық пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері Павлодар облысының полициясында қаскүнемдердің пластикалық терезені қысып ашу арқылы тұрғын үй-жайларға енуі туралы 5 өтініш тіркелді. Ұрлық заты зергерлік бұйымдар мен ақша болды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер осы қылмыстарға қатысы бар адамдарды іздестіруге бағытталған іс-шаралар жүргізуде.

Ведомствода атап өткендей, жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында пәтер ұрлығының 74 фактісі тіркелді, оның 68-і ашылды.

Облыс аумағында 2 537 көп қабатты үй бар, онда 6877 бейнебақылау камерасы орнатылған. Полиция атап өткендей, ұрылар көршілердің бір-бірін білмейтінін пайдаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру