Екібастұз тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Екібастұз тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын өткізумен айналысқан Екібастұздың 45 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту барысында пәтерден жалпы салмағы 6,8 грамм есірткі заты тәркіленді, бұл аса ірі өлшем болып табылады.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.