Атырауда көлігіне LED жарық шамын орнатқан шетелдік анықталды
Атыраулық тәртіп сақшылар көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзған шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері 27 сәуір күні сағат таңғы 05:30 шамасында Құрманғазы – Алиев көшесі қиылысынан Chevrolet автокөлігін тоқтатты. Аталған автокөлікті тексеру барысында сыртқы жарық беру аспаптары конструкциялық талаптарға сәйкес емес, яғни LED жарық шамын қондырып көлік жүргізгендігі анықталды. Сондай-ақ, көлік құралын басқарған жүргізуші Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша Өзбекстан азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталды.
Еске сала кетейік, өңірде жыл басынан бері көлікті ксенон, LED жарық шамдарын орнатып жүргізген 500-ден астам жүргізуші анықталды