Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері тұрғындардан заңсыз сақталған 50-ден астам қару тәркіленді

Атырауда жыл басынан бері тұрғындардан заңсыз сақталған 50-ден астам қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тәртіп сақшылары заңсыз қару-жарақ айналымына тосқауыл қою мақсатында бірқатар шараны қолға алған. Соның нәтижесінде, есепте тұрған иелері тексеріліп, 216 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңды тіркелген 300-ден астам қару бірлігі тәркіленді. Сонымен қатар, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 50-ден астам қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп, анықталған тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, Атырау облысы аумағында 25 сәуірден бастап халықтан «Заңсыз сақталғанатыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру» акциясы өткізілді. Шара барысында ішкі істер органдарына 41 азамат заңсыз сақталған атыс қаруларын және оқ-дәрілерді тапсыруға өтініштерімен барлығы 38 тегіс ұңғылы және 6 иір ойықты атыс қаруы мен 305 дана оқ-дәрі тапсырылды. Заңсыз айналымдағы қарулар мен оқ- дәрілерді тапсырған азаматтарға 3 млн теңгеге жуық көлемде сыйақы берілді.

-Тұрғындар назарына, бұрын соңды заңсыз айналымда, тіркелмей, құжатсыз қалып қойған қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар анықталған жағдайда оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында өз еркімен полицияға тапсыруға болатынын және өз еркімен тапсырған тұлға қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске сала кеткім келеді. Тіркелген қаруы бар азаматтарға заңнамаға сәйкес қаруларын сақталуын өз бақылауларыңызға алуыңызды сұраймын. Тіркелген қаруға өзіңіз жауапты екеніңізді ескеріңіз. Аңшылықта қаруды қолдану кезінде барлық ережелердің сақталуы сұралады, – деп атап өтті Атырау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Қанат Қабсихов.

Алдағы уақытта қарумен жасалатын қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында облыс аумағында ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру