Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Психотроптық зат сатқан көкшетаулық ұсталды

Психотроптық зат сатқан көкшетаулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір ай бойы Ақмола есірткі полицейлері “Қарасора-2022” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында синтетикалық есірткіні “қолдан” сатумен айналысқан 19 жастағы облыс орталығының тұрғынының қылмыстық әрекетін құжаттандырды.

Өткізілген іс-шаралар барысында жедел уәкілдер 0,43 гр. мефедрон психотроптық затын өткізу фактісін тіркеді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған азамат Көкшетау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру