Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” ЖПІШ: Шымкентте 8 күнде 9000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте сегіз күнде 9000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 19 шілдеден бастап “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осы орайда Шымкент қаласы бойынша іс-шараның сегіз күнінде 8386 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 186 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 88, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 26, техникалық байқаудан өтпеген – 188, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған 333 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1495, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 126, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 12, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 111, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 103, авариялық жағдай туындатқан – 17, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 29, көлік құралын мас күйде басқарған – 20, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 105 жүргізуші анықталды. Сонымен бірге, 699 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру