ШҚО-дан келген ұры алматылықтардың үйлерін тонап жүрген
ШҚО-дан келген ұры алматылықтардың үйлерін тонап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топты ұстау іс-шарасын криминалдық полиция қызметкерлері мен Алатау аудандық ПБ-ның жедел уәкілдері жүргізген. Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстың басты қатысушы – С.есімді азаматтың үш пәтер ұрлығына қатысы барын дәлелдеді.
– Қаскөй стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Үйдің қожайындары бар-жоғын тексерген соң, тұрғын үйге кірген. Білдірмей алып кетуге болатын нәрсенің бәрін алды – бұл алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Үйлердің бірінен ұрланған геодезиялық құрал – невелир жасалған ұрлықтың біріне заттай айғақ болды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Айтпақшы, күдікті – 29 жастағы С.есімді азамат ШҚО-дан келген, бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған, ал оның сыбайласы – 33 жастағы И.есімді азамат Түркістан облысының тумасы, ұрланған мүлікті сатып алып жүрген. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда. Қылмыстық дуэттің екі мүшесінің де бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.