Келестік көші-қон қызметінің полицейлері қарияның алғысына бөленді
Келестік көші-қон қызметінің полицейлері қарияның алғысына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Келес аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 74 жастағы Жетпісбай Айтенов уақытша тіркеу үшін өтініш білдірді. Ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, құжаттарын дайындап беруін сұраған. Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден іске кірісіп, шұғыл түрде 3 айға уақытша тіркеді.
Сонымен қатар, қарияны тұрғылықты тіркеу үшін және Қазақстан Республикасы азаматтығын жеңілдетілген түрде қабылдау үшін құжаттарын қабылдап алды. Полиция қызметкерлерінің тез әрі жылдам жұмыстарына риза болған қария өзінің ыстық ықыласын білдірді.
– Қазақстанға көшіп келгеніме 8 күн болды. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері менің құжаттануым үшін шапшаң әрекет етуде. Құжаттарымды қабылдап алып, дайындауға кірісіп кетті. Сондықтан рақметімді айтам. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, – деді қарт кісі.